«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Аналар мектебі» жұмысы «Өнегелі 15 минут»
03.02.2026 ж.

«Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Мен зерттеушімін» танымдық- зерттеушілік жұмыстар ұйымдастырылды. Мақсаты: қарапайым тәжірибе жасату, балалардың танымдық дағдысын жетілдіру.
27.01.2026 ж.

«Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Құстарды тамақтандыр» акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: қыстап қалған құстарға қамқорлық жасау.
23.01.2026 ж.

Заң және тәртіп айында мінез-құлық нормалары мен ережелерді үйрету мақсатында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Адалдық дүкені» акциясы ұйымдастырылды. Ортаңғы «Көбелек» тобы облыс деңгейінде 2 орын, мектепалды «Қарлығаш» тобы 3 орынды иеленді
23.01.2026 ж.

Ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту және оларды бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тарту мақсатында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында мектепалды топтарда текемет басу шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
04.12.2025 ж.

«Қазақстан- туған елім, ұлы өлкем!» тақырыбында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
25.10.2025 ж.

Тәрбиеленушілерді Отанды сүюге, патриотизмге баулу, туған жерін құрметтеуге үйрету мақсатында «Мен Отанымды сүйемін» тақырыбында ертеңгіліктер өтті.
22.10.2025 ж.

«Адал Азамат» бағдарламасы негізінде «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» айдарымен өткізілген ұлттық ойындар. Дене тәрбиесі нұсқаушылары: Барсаева Д.А., Болатова Г.Б.
10.10.2025 ж.

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспары аясында ұйымдастырылған «Күзгі асар» жәрмеңкесі
29.09.2025 ж.

«Қауіпсіздік ережелері» — жол қозғалысы ережелерін үйрету бойынша жол-көлік полиция қызметкерлері №7 «Арман» бөбекжай — балабақшасына келіп, балабақша тәрбиеленушілеріне жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
05.09. 2025 ж.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс жоспары бойынша 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне мектепалды топтар арасында «Тілім менің тірегім» атты мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.
05.09.2025ж.

