Миссиясы: ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіріп, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақты заман талабына сай шығармашыл, сауатты, саналы етіп жан – жақты дамыту. Қоғам өміріне еркін енуіне жағдай жасау.
Мақсаты:
Бөбекжай-балабақшада балалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
Міндеті:
1.Бөбекжай-балабақшада тәрбиеленушілердің қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
2.Тәрбиеленушілердің зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
3.Тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс жасай алуына мүмкіндік беру, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу;
4.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және заңды өкілдерімен тұлғааралық өзара іс-қимылдарды кеңейту және өзара жауапкершілік қағидаты бойынша ынтымақтастық құру;
5.Ұлттық салт-дәстүрлердің негіздерін қалыптастыру;
6.Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін цифрландыруды жүзеге асыру;
7.Мектеппен үздіксіз сабақтастықты дамыту
8.Инновациялық технологиялар арқылы тәрбиеленушілердің танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіктерін дамытуға жағдай жасау.
9.Балабақша тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау, нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған балабақша жұмысын жетілдіру;
10.Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
11.«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білімі бар педагогтердің үлесін арттыру;
