Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2025 жылғы 31 наурыздағы №96 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бірлескен бұйрығы негізінде №7 «Арман» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
- уақытша – 2тәрбиеші
- уақытша– 1 музыка жетекшісі
Бос лауазымға конкурс өткізіледі.
Балабақшадағы бос лауазым туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының enbek.kz сайтынан, сондай-ақ балабақшаның Instagram желісіндегі Arman-7arman@yandex.kzпарақшасынан көруге болады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, яғни 06.02.2026–17.02.2026 аралығында hr.pobd.edu.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер қабылдау мерзімінде қажетті құжаттарды электронды түрде жүктеуі тиіс.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
- Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификациялау үшін);
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы
(нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болған жағдайда);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген,
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»
нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №215/9 болып тіркелген);
- Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
- Наркологиялық аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік.
05.02.2026 ж.
