Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 № 56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес: МКҚК №7 «Арман» бөбекжай- балабақшасы, 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылданатындығы туралы хабарлаймыз!

Ұсыныстарды қабылдау күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қамқоршыдлық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ( бар болса);

ата-аналар комитеті ұсынған әрбір коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ( бар болса);

ата- аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

қайырымдылық жасаушылар ( бар болса);

МКҚК №7 «Арман» бөбекжай- балабақшасы қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын қабылдайды.

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, М.Маметова көшесі 7.

Электронды мекен-жайы: arman-7arman@yandex.kz

Секция 2

Суханберлиева Райса Карагуловна